Түркияда жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты
Түркияның оңтүстігіндегі Османия провинциясында автобус жүк көлігімен соқтығысып, алты жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Daily Sabah басылымының мәліметіне сүйенсек, әзірге кім басқарғаны анықталмаған жолаушылар автобусы өзімен бір бағытта келе жатқан жүк көлігіне соғылған. Қатты соққыдан көлік айтарлықтай бүлініп, кейбір жолаушылар салон ішінде қысылып қалған.
Оқиға орнына құтқарушылар, дәрігерлер, өрт сөндірушілер және полиция жедел жетті.
Басылым дерегіне сәйкес, түрлі жарақат алған 11 адам ауруханаға жеткізілген. Жол апаты болған тұста қозғалыс уақытша тоқтатылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ-та туған балаларға азаматтық беру құқығы қайта қаралады
Келесі жаңалық
Екі облыста ауа райына байланысты жол жабылады
Өзгелердің жаңалығы