27 Маусым 2026, 12:47
Фото: Report
Түркияда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, 20 адам зардап шекті
Жол апаты жеңіл көлік пен жолаушылар автобусының соқтығысуынан болған.
Түркияның Айдын – Денизли автожолында ірі жол-көлік оқиғасы болды.
İHA агенттігінің хабарлауынша, соққының қатты болғаны сонша, жолаушылар автобусы жүргізушінің басқаруынан шығып кетіп, жол қоршауына соғылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан 20 адам зардап шеккен. Олардың бірінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем бригадалары және өрт сөндірушілер жіберілді.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.
- Қазақстанның кинопрокат нарығына бірыңғай ережелер енгізілуі мүмкін 01:42
- 11 тамызға арналған валюта бағамы 00:45
- Алматы тауларында жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды 10.08.2026
- Қазақстан таеквондодан Ресейде өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды 10.08.2026
- Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті 10.08.2026
- «Ақ Жол» жемқорлардың «Лазурный жағалауға қашып кетуіне» жол бермеуді ұсынды 10.08.2026
- "Неғұрлым Құнанбайлар көп болса, соғұрлым Абайлар көп болады": Ходжаназаров бай азамат – бай мемлекеттің негізі екенін айтты 10.08.2026