4 Мамыр 2026, 02:34
Фото: TRT Haber/АА
Түркияда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты
Ресми ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлығы Түркия азаматтары.
Түркияда ауыр жол-көлік оқиғасы болып, адам шығынына әкелді. Түркия аумағындағы Малатия провинциясында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, төрт адам қаза тапты, тағы 15 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ TRT Haber телекомпаниясына сілтеме жасап.
Апат Малатия–Адыяман тас жолының Доганшехир ауданы маңында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, автобус жолдан шығып кетіп, шатқалға құлап, аударылған.
Оқиға орнына полиция, жандармерия, медицина қызметкерлері мен құтқарушылар жедел жетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті. Қазіргі таңда жарақат алғандар ауруханаға жеткізілген.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлығы Түркия азаматтары. Апаттың нақты себептері анықталу үстінде.
- Күндегі қуатты жарқылдардан кейін магниттік дауыл өршіді 11:52
- Эбола өршіді: Конгода ондаған адам қайтыс болды 11:18
- БЖЗҚ зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектерін жариялады 10:46
- Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция халқына ізгі тілегін жеткізді 10:03
- Киберқауіптерден есірткі трафигіне дейін: ШЫҰ елдерінің ІІМ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде 09:49
- Астанада бұған дейін жабық болған «Жібек жолы» LRT станциясы ашылды 09:24
- Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды 08:54