15 Мамыр 2025 2025, 23:41 Фото: pixabay.com

Түркияда жер сілкінісі болды

15 мамыр күні Анкараның оңтүстігінде орналасқан Конья провинциясының Кулу ауданында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

15 мамыр күні Анкараның оңтүстігінде орналасқан Конья провинциясының Кулу ауданында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасына (AFAD) сілтеме жасап TRT Haber агенттігі мәлімдеді.

Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 15:46-да тіркелген, зілзаланың ошағы 18,73 шақырым тереңдікте орналасқан. Дүмпулер астана мен оған жақын аймақ тұрғындарына сезілген.