Бүгiн 2026, 00:39 Фото: pexels.com

Түркияда жер сілкінді

Жер сілкінісі шамамен 7 шақырым тереңдікте болған.

Түркияның Самсун қаласы Везиркёпрю ауданында магнитудасы 4 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

AFAD мәліметінше, жерасты дүмпулері 00:20-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Samsun провинциясының Везиркёпрю ауданында орналасқан.

Жер сілкінісі шамамен 7 шақырым тереңдікте болған.

Самсун – Түркияның солтүстігінде, Қара теңіз жағалауында орналасқан қала.