Түркияда жер сілкінді

Түркияның оңтүстігіндегі Османия провинциясында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Anadolu-ға сілтеме жасап.

Жер астындағы дүмпу жергілікті уақытпен сағат 12:09-да Бахче ауданында сезілген. Магнитудалық күші 4,4-ке жетті, деп хабарлады Төтенше жағдайларды басқару және табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі басқарма (AFAD). 

Мамандардың мәліметінше, сейсмикалық белсенділік ошағы 8,8 км тереңдікте орналасқан. Мұндай параметрлер жер сілкінісін беткейде сезіну деңгейін арттыратын тереңдігі аз сілкіністерге жатады.

Жергілікті тұрғындар дүмпудің сезілгенін айтты.Зақымданулар мен зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ. Сейсмологтар жағдайды бақылауда ұстауда.

Аймақ билігі инфрақұрылым нысандары мен тұрғын үйлерге алдын алу тексерістерін жүргізуде.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы