Түркияда жасөспірім мешітке жиналғандарға шабуыл жасады

Түркияның Ескішехир қаласында бетін тұмшалап, нацистік таңбалары бар кеудеше киген ер адам мешітке жиналған жамағатқа шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Соның салдарынан 5 адам жарақат алды. 

Біреуінің жағдайы ауыр. Қолда бар мәлімет бойынша азаматтарға балта мен пышақ ала жүгірген күдікті – кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Ол өзінің шабуылын әлеуметтік желідегі тікелей эфир арқылы таратқан. 

Жергілікті БАҚ жазуынша, оның мұндай әрекетке баруына «Call of Duty» компьютерлік ойыны әсер еткен. Қазір күдікті қамауда. Оқиға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы