Түркияда туристік сала қызметкерлері жоспардан тыс вакцинацияланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда «Қауіпсіз туризм бағдарламасы» аясында туристік сала қызметкерлерін коронавирустық инфекцияға қарсы жоспардан тыс тегін вакцинациялау басталды. Бұл туралы korrespondent.net елдің Туризм министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Вакцинаны алу үшін арнайы жазба жүйесі арқылы тіркелуге болады, - делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство мәліметінде министрлік куәландырған ашық нысандар, азық-түлік және сусындар шығаратын кәсіпорындар, туристік агенттіктердің қызметкерлері, гидтер мен туристік көлік жүргізушілері қызметті пайдалана алатындығы нақтыланды.

Туристік кәсіпорындар үшін өз қызметкерлерін вакцинациялауға жазу үшін деректерді енгізудің арнайы жүйесі құрылды.

Сонымен қатар Түркия 15 сәуірден бастап туристер үшін міндетті ПТР сынақтарын алып тастауды жоспарлап отыр, бірақ бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Әзірге республика билігі ірі қалаларда және халық тығыз орналасқан бірқатар провинцияда, соның ішінде Анталия мен Бодрумда шектеу шараларын алып тастауға ниетті емес.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы