11 Қазан 2026, 18:16
Фото: istockphoto.com
Түркияда туристік автобус жол апатына ұшырап, 11 адам қаза тапты
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Түркияның Маниса провинциясында туристік автобус пен жүк көлігі соқтығысып, жол апаты болды. Оқиға Гебзе – Орхангази – Измир тасжолындағы Ақхисар ақылы өткізу бекетінің маңында болған.
«Анадолу» агенттігінің Маниса губернаторлығының мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, апат салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы 27 адам жарақат алған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары, өрт сөндірушілер, полиция мен құтқарушылар жіберілген. Түркияның ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи бастапқыда 11 адамның қаза тауып, 26 адамның жарақат алғаны туралы ақпарат болғанын мәлімдеді.