Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырады: 8 адам қаза тапты

Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырады. Салдарынан 8 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

Оқыс оқиға Түркияның солтүстік-батысындағы Чанаккале провинциясында болды. Turknws мәліметінше, жолаушылар автобусы, жүк көлігі және жеңіл көлік қақтығысқан. Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен автобустың жеті жолаушысы қаза тапты (бесеуі – оқиға орнында, үшеуі – ауруханада), 20 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Жол апаты жүк көлігі аударылып кетіп, қарсы жолаққа шығып кеткеннен кейін болғаны атап өтілді.

Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы