Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырады

Түркияның Мугла провинциясында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sozcu басылымы таратқан дерекке сүйенсек, салдарынан екі адам қаза тауып, төрт адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Белгілі болғандай, қайғылы жағдайға автобустың тежегіші істен шыққаны себеп болған. Көлікөрден төмен қарай ылдилаған автобус үш көлікке соғылған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, салонда 29 турист болған. Соғылып, мыжылған көліктердің бірінде төрт адам қысылып қалған, оларды өрт сөндірушілер босатып алды, - делінген басылым таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: sozcu.com.tr
Өзгелердің жаңалығы