Түркияда тікұшақ аурухана ғимаратына соғылып, дәрігерлер қаза тапты
Түркияда тікұшақ аурухана ғимаратына соғылып, салдарынан бір дәрігер мен тікұшақ қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
TRT Haber таратқан мәліметке сәйкес, Мугла қаласының Ментеше ауданында орналасқан Мугла оқу-зерттеу ауруханасынан ұшып шыққан тікұшақ Антальяға бет алған. Алайда ұшу кезінде аурухананың төртінші қабатына соғылып, жерге құлаған.
Апат туралы хабарлама түскен соң оқиға орнына көптеген өрт сөндіруші, медқызметкер, полиция мен құтқарушылар жіберілгені айтылды.
Оқиға салдарынан тікұшақта болған екі ұшқыш, бір дәрігер мен бір жедел жәрдем дәрігері көз жұмды.
Апатқа ауданда болған қалың тұман себеп болуы ықтимал. Апаттың нақты салдары анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мұз үстінде ойнап жүрген екі бала құтқарылды
Келесі жаңалық
Қарағандыда тағы екі жайлы мектептің құрылысы аяқталды
Өзгелердің жаңалығы