Түркияда теракт ұйымдастыруды жоспарлаған күдіктілер ұсталды

Түркияның құқық қорғау органдары Бурса провинциясында ел аумағында теракт ұйымдастыруды көздеген төрт күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Türkiye басылымына сілтеме жасап.

Басылымның дерегінше, күдіктілер Түркияның әртүрлі аймақтарында лаңкестік әрекеттер жасамақ болған. Құқық қорғаушылар Бурса провинциясының кіреберісінде күмән тудырған көлікті тоқтатып, жолаушылардан екі дана қол гранатасын тәркілеген.

Анықталғандай, ұсталған тұлғалар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бюросы жүргізген тергеу барысында белгілі бір қылмыстық ұйыммен байланыста болған. Ұйым басшыларының шетелде жасырынып жүргені хабарланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сәйкес, Измир қаласында тұратын бірқатар азаматтарға қатысты қорқыту, қысым көрсету және шабуыл жасау әрекеттері де жоспарланған. Бұл тапсырмалар шетелдегі ұйым жетекшілерінен берілгені анықталған.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 26 шілдеде Иранда сот ғимаратына жасалған теракт салдарынан кемінде бес адам қаза тапқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы