Түркияда тағы жер сілкінді
Түркияның оңтүстік-шығысында 5,1 магнитудасымен жер сілкінді, деп хабарлайды BAQ.KZ
Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар басқармасы мәлім етті.
Жерасты дүмпуінің ошағы Жерорта теңізінде 10 шақырым тереңдікте орналасты және Хатай провинциясындағы теңіз жағалауы аумағынан 5 шақырымға жуық жерде болды.
Зардап шеккендер немесе қирандылар туралы мәлімет түспеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
КВИ. 1 пациенттің жағдайы өте ауыр
Өзгелердің жаңалығы