Түркияда соңғы екі аптада коронавирус инфекциясы бес есе өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда соңғы екі аптада коронавирус инфекциясы бес есе өсті. Азаматтардың негізгі бөлігі омикрон штаммын жұқтыруда. 

Түркияның денсаулық сақтау министрі 50 жастан асқан және қауіпті топтағы азаматтарға жүгініп, егер екпе алғаннан бері алты айдан астам уақыт өткен жағдайда оларды қайта ревакцинациядан өтуге (қайта екпе алуға) шақырды. 

Өткен аптада Түркияның дәрігерлер Одағы ел басшылығын  сырқаттанушылықтың өсу жағдайына қарай шектеу шараларына оралуға шақырды. Ұйымда жабық ғимараттарда бетпердені міндетті түрде киюді енгізуді, балаларды вакцинациялауды бастауды, ковид-ке тестілеуді қамтуды көбейту және аурудың жағдайы туралы мәліметтерді апта сайын емес, күнделікті режимде жариялауды ұсынды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы