Түркияда шипажайдағы өрттен соң 160-тан астам қонақүй жабылды
Түркия билігі Болудағы Карталкая тау-шаңғы шипажайындағы өрттен соң Бурса провинциясындағы 161 қонақүйдің жұмысына тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
DHA агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, олардың қатарында әйгілі Улудаг тау-шаңғы шипажайы да бар.
Сондай-ақ шетелдік БАҚ Антальяда 50-ден астам қонақүй жабылса, Ыстанбұлда дүйсенбіге қарай барлық заң бұзған қонақүйдің жұмысы тоқтайтынын жазды.
Түркияның мәдениет және туризм министрлігі елдің 81 провинциясында қонақүйлерді жаппай тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Еске салайық, Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау-шаңғы шипажайындағы өрт шығып, 80-ге жуық адам көз жұмған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада жиһаз цехы өртенді
Өзгелердің жаңалығы