24 Қаңтар 2025 2025, 00:30
Фото: TEBA Ajansı
Түркияда шахтада жарылыс болды
Түркияның шығысында шахтада жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түркияның шығысында шахтада жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
İhlas агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, екі жұмысшы шахта үйіндісінің астында қалған.
Элазыгтағы Аладжакая ауданында орналасқан шахтада жарылыс болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, екі жұмысшы үйіндінің астында қалған. Жұмысшыларды шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та әлі де өрт қаупі сақталғанын жазған болатынбыз.