Түркияда сел жүрді
Түркияның Қаратеңіз аймағында толассыз жауған жауын салдарынан сел жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бірнеше провинцияда көшкін болды. Самсунда ағаш жинауға шыққан әйел су тасқынынан қаза тапты. Ардаханда найзағай соққан 15 жасар жасөспірім көз жұмды. Бұл туралы Хабар24 жазды.
Елде қауіптіліктің сары-қызыл деңгейі жарияланды. Бірнеше қалада қатты жаңбыр тоқтамай тұр. Трабзон губернаторлығы су тасқыны қаупі бар екенін ескертті. Жергілікті әкімшілік Қаратеңіз өңірі тұрғындарын сыртқа шықпауға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балабақшаларда бөлке нанның орнына тандыр нан беру ұсынылды
Өзгелердің жаңалығы