Түркияда сегіз халықаралық eSIM қызметі бұғатталды
Түркияның Ақпарат және коммуникациялық технологияларды реттеу басқармасы (BTK) сегіз түрлі халықаралық eSIM қызметін бұғаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ. akdenizmanset басылымына сілтеме жасап.
Бұғатталған платформалар қатарында Saily, Airalo, Holafly, Nomad, Instabridge, Mobimatter, Alosim және BNESIM бар. Бұл шешім цифрлық SIM-карталарды (eSIM) пайдаланушылар арасында наразылық туғызды. Аталған платформалар туристерге жергілікті операторларға қосылмай-ақ мобильді интернетті пайдалануға мүмкіндік беретін eSIM технологиясын ұсынатын. Олар роумингтің қымбат тарифтерінен қашқысы келетіндер үшін тиімді балама болып келген еді.
Енді саяхатшылардың таңдауы тарылып, мобильді байланыстың құны өсуі мүмкін. Өйткені жергілікті SIM-карталар мен роуминг әдетте қымбатқа түседі.
BTK әзірге бұл шешімнің ресми себептерін жарияламады. Алайда сарапшылардың пайымдауынша, мұндай қадам жергілікті операторлардың мүддесін қорғауға бағытталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда бекіре өсіретін балық зауыттары жаңғыртылады
Келесі жаңалық
Міндетті талап: Грузияға баратын шетелдіктер нені білуі тиіс
Өзгелердің жаңалығы