Түркияда сафари кезінде туристердің көлігі аударылып қалды

Түркияның Манавгат ауданында сафари көлігі аударылып, он бір адам жарақат алды, оның 10-ы шетелдік туристер, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Lider Antalya басылымының хабарлауынша, апат екі сафари көлігі соқтығысқан кезде болған. Соққының күші олардың біреуінің аударылып кетуіне себеп болған. Зардап шеккендердің арасында төрт Швеция азаматы, төрт Ұлыбритания азаматы және екі Польша азаматы бар.

Зардап шеккендер оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Манавгаттағы ауруханаларға жеткізілді. Оқиға орнына құтқарушылар, жандармерия және жедел жәрдем қызметкерлері келді.

Аударылған көліктің жүргізушісі де жарақат алды. Апаттың себебі тергелуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз / lidergazete.com
Өзгелердің жаңалығы