Түркияда Құрбан айттың бірінші күні 16 мың адам жарақат алды
Түркияда Құрбан айттың бірінші күні 16 мыңдай адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджаның айтуынша, құрбандыққа шалу дәстүрі процесінде кезінде көптеген адам жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген.
Құрбан айт мейрамының бірінші күні елдегі медициналық мекемелерге жануарларды құрбандыққа шалу кезінде жарақат алған 16 мыңдай адам жүгінген, - деп жазды министр Х (бұрынғы Twitter) желісінде.
Сонымен қатар ведомство басшысы Анкарада – 1274 адам, Ыстанбұлда – 840 адам және Измирде 416 адам зардап шеккенін нақтылады.
Жергілікті атқарушы биліктің қойған талаптарына сәйкес, құрбандыққа шалынатын мал санитарлық нормаларды сақтай отырып, арнайы дайындалған орындарда жүзеге асырылуға тиіс.
Алайда Түркияда бұл талап үнемі сақтала бермейді. Жыл сайын Құрбан айт мерекесінде мыңдаған тұрғын жарақат алады.