7 Маусым 2025 2025, 14:05
Фото: Global Look Press / Depo Photos / ZUMAPRESS.com
Түркияда Құрбан айт мерекесінде 14 мыңнан астам адам жарақат алды
Министрдің мәліметінше, ең көп зардап шеккендер Анкара қаласында тіркелген – 1049 адам
Түркияда Құрбан айттың алғашқы күні құрбандық шалу кезінде 14 мыңнан астам адам жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоғлу әлеуметтік желіде мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрдің мәліметінше, ең көп зардап шеккендер Анкара қаласында тіркелген – 1049 адам. Стамбұлда – 753, ал Коньяда – 655 тұрғын жарақат алған.
Кемаль Мемишоғлу құрбандық малын тек арнайы дайындықтан өткен мамандардың союы қажеттігін атап өтті. Бұл – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және осындай оқиғалардың алдын алудың маңызды жолы екенін айтты.
Салыстыру үшін айта кетейік, 2024 жылы Құрбан айттың алғашқы күні Түркияда шамамен 16 мың адам дәрігерлер көмегіне жүгінген болатын.