Түркияда құда түсу тойында 100-ден астам адам уланып қалды

Түркияның Малатья провинциясында банкет залында өткен құда түсу рәсімі кезінде 100-ден астам адам көмірқышқыл газынан уланып, зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ Haber Global-ға сілтеме жасап.

Оқиға Батталгази ауданына қарасты Ордузу шағынауданында болған. Салтанатты шара барысында қонақтар өздерін жайсыз сезіне бастаған соң, оқиға орнына шұғыл қызметтер шақырылған. Дәрігерлер тексеріс нәтижесінде адамдардың улануына көмірқышқыл газының әсері себеп болғанын анықтаған.

Малатья губернаторы Седдар Явуздың мәліметінше, медициналық мекемелерге 113 адам жеткізілген. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, олардың бір бөлігі үйіне шығарылған.

Барлық қажетті шаралар жедел қабылданды. Зардап шеккендердің басым бөлігі өзін жақсы сезінеді. Оқиға бойынша тергеу басталды, – деді өңір басшысы.

Құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себебін және оған жауапты болуы мүмкін тұлғаларды анықтап жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay
Өзгелердің жаңалығы