Түркияда қуатты жер сілкінісі болды
Түркияның Балыкесир провинциясында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер сілкінісі туралы ақпаратты Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар басқармасы (AFAD) таратты.
Ведомство мәліметінше, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 00:24-те Сындыргы ауданында болған.
Жер сілкінісінің ошағы 11,04 км тереңдікте орналасқан.
Оқиға Ыстанбұлда және басқа өңірлерде де сезілген. Қираған нысандар мен зардап шеккендер туралы әзірге хабарланған жоқ.
Еске сала кетейік, 21 қаңтарда да Мексикада жойқын жер сілкінісі тіркелген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Пәкістанда жарылыс болып, 5 адам қаза тапты
Өзгелердің жаңалығы