Түркияда қару асынған әйел перзентхана қызметкерлерін кепілдікке алды
Түркияның Кахраманмараш қаласында қару асынған әйел перзентханаға баса-көктеп кіріп, бірнеше адамды кепілдікке алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Bursada Bugün басылымының мәліметіне сәйкес, бастапқыда 45 жастағы әйел ғимаратқа кіріп келіп айғайға басқан. Артынша перзентхана қызметкерлерін кепілге алып, айналасындағыларды қорқытқан.
Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыны жедел тоқтатқан.
Әйел ұсталған соң мұндай әрекетін өмірімен қош айтқысы келгендіктен барғандығымен түсіндірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
18 жастағы астаналықтар референдумда алғаш рет дауыс берді
Өзгелердің жаңалығы