Түркияда Палестинаны жақтаушылар АҚШ-тың әуе базасына шабуылдады

Түркияда наразылар Адана аймағында орналасқан АҚШ-тың Инжирлик әуе базасына басып кіруге талпынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Анкараға сапарлауына бір күн қалғанда орын алып отыр.

Әуелі бейбіт басталған жиын соңынан тәртіпсіздіктерге ұласқан. Олар АҚШ-тың әуе базасын жабуды талап еткен.

Тәртіп сақшылары наразыларды газ бен су шашып таратуға тырысты.

Инжирлик НАТО-ның Түркиядағы ең ірі әскери базасы болып табылады. Онда тек АҚШ-тың ғана емес, Еуропа елдерінің де әскери күштері орналасқан.

Олар Сириядағы лаңкестерге қарсы соғыс жүргізіп келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы