Түркияда орман өртінен мыңдаған адам эвакуацияланды

Түркияда орман алқаптары өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап. 

Ыстық пен желдің екпіні одан сайын лаулатқан от бірнеше мың шақырымды шарпып үлгерген. Анталья, Адана, Мерсин, Кахраманмараш провинцияларын қоса алғанда, 30-дан астам өрт ошағы тіркелді. Әсіресе, солтүстік-батыс және оңтүстік аймақтар қатты зиян шеккен. Мұнда мыңдаған адам эвакуацияланды. 

Өртті сөндіруге жүздеген техника, ұшақ, тікұшақтар мен 400-ге жуық бригада жұмылдырылды. Мамандар қызыл жалынның өршуін климаттық өзгеріспен байланыстырады. 

Айта кетейік, осыдан 3 жыл бұрын ел тарихында ең ауқымды орман өрті тіркелген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы