Түркияда орман өртіне байланысты туристер қонақүйлерден эвакуацияланды
Түркияның Анталия провинциясына қарасты Белек курорттық қаласында 19 қыркүйекте шыққан орман өртіне байланысты туристерді қонақүйлерден эвакуациялау басталды. Бұл туралы Antalya Hakkında порталы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Сақтық шарасы ретінде екі қонақүйдің қонақтары көшірілді. Өрттің таралуына қатты жел ықпал етіп жатыр.
Тілсіз жауды сөндіруге өрт сөндірушілер мен су таситын арнайы техникалар жұмылдырылды.
Кеше Мугла, Ақсу және Аланья аймақтарында да орман өрттері тіркелген. Аланьядағы өрт бірнеше елді мекенге дейін жетіп, тұрғын аудандарға қауіп төндірген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ пен Қытай TikTok бойынша ортақ шешімге келді
Өзгелердің жаңалығы