Бүгiн 2026, 19:28 Фото: haberler.com

Түркияда көшеде Қазақстан азаматын атып кетті

Қазақстан азаматын Түркия көшесінде атқан күдіктілер ұсталды.

Түркияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматын көшеде атып кетті. Полиция екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Haberler.com-ға сілтеме жасап.

Қылмыс кеше шамамен сағат 16:30-да болғаны хабарланды.

Жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматы Ариф Исмаиловқа белгісіз біреу оқ жаудырған. Ауыр жарақат алған Исмаилов ауруханада көз жұмды, - деп мәлімдейді ақпарат көзі.

Стамбул полициясы алдымен күдіктілердің көлігін, кейін дрондардың көмегімен олардың өздерін тапты. Ұсталғандар - Грузия азаматтары, олар шекара асып қашпақ болған көрінеді. Қылмыстың себебі әзірге белгісіз.

BAQ.KZ редакциясы түсініктеме алу үшін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдады.