Түркияда коронавирус қайтадан өршіді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда коронавирус қайтадан өршіді, деп хабарлайды 24.kz.

Індетке шалдыққандар саны 30 мыңға жақындады. Бұған күн сууы мен оқу орындарының дәстүрлі білім беруге көшуі себеп. 

6 қыркүйектен бастап елде 1630 класс карантинге кетті. 40 мың оқушы оқшауланды. Қосымша сақтық шаралары болу-болмауы белгісіз. Дегенмен, жергілікті басылымдар, алдағы министрлер кабинеті отырысында карантин ережелері енуі мүмкін деп отыр. Түркияда қазірге дейін вакцинаның екі дозасын 70%-дан астам тұрғын қабылдады. 

Соңғы тәулікте ковид-19 шалдыққандар саны 25 мыңнан асты. Қауіпті індеттен 228 науқас көз жұмды. Түркияда мектеп, университет, кинотеатр, концерт пен бірқатар мекемеде екпе куәлігі мен ПТР тестін көрсету міндетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы