10 Қазан 2021 2021, 14:32
Түркияда қонақүй отқа оранды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бодрум курортында бес жұлдызды қонақүй өртенді. Бұл туралы Turizmguncel сайты мәлім етті.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бодрум курортында бес жұлдызды қонақүй өртенді. Бұл туралы Turizmguncel сайты мәлім етті.
Сайттың мәліметінше, Бодрум Милас тас жолындағы Кайнар ауданындағы қонақүй отқа оранған.
Өрт өте күрделі болған. Сондай-ақ, өрт кезінде отын бактарының жанында бірнеше рет жарылыс болды. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Қызметкерлер эвакуацияланған, туристер болмаған.
Қазір таңда өрт себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.