10 Қаңтар 2021 2021, 18:12
Түркияда қазақстандық бойжеткен қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Арайлым Орынбаева Анталияда өлі күйінде табылды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Арайлым Орынбаева Анталияда өлі күйінде табылды.
Haberler.com сайтының хабарлауынша, ол ормандағы ағашқа асылып тұрған жерінен табылған. Алдын ала болжам бойынша, бойжеткен өз-өзіне қол жұмсаған.
Оның денесі Анталия сот-медицина институтының мәйітханасына жеткізілді.
Арайлым Орынбаева жеті ай бұрын отбасылық жанжалдан кейін жоғалып кеткен. Ол үйінен шығып кетіп, сол беті оралмаған.