Түркияда карантин талабы жеңілдетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда 1 шілдеден бастап эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты коронавируспен күреске қатысты шектеулер тағы да жеңілдейді.

Анадолы агенттігінің мәліметінше, комендант сағаты тоқтатылып, қаларалық қатынас шектеулері алынып тасталады.

Барлық жұмыс орындары ашылып, пандемияға байланысты қызметін тоқтатқан кинотеатрлар қайта жұмыс істей бастайды.

Кафе мен мейрамханалар келуші санын шектемей ғимарат ішінде және далада қызмет көрсете бастайды.

Сонымен бірге 1 шілдеде үйлену тойы ашық жерде қонақ санын шектеместен өткізіледі. Концерт және фестиваль өткізуге бұған дейін белгіленген сақтық шаралары бұзылмаса рұқсат беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы