Түркияда Grand Kartal қонақүйіндегі өрт ісі бойынша сот үкімі шықты

Түркия соты Карталкая тау-шаңғысы курортындағы Grand Kartal қонақүйінде болған өртке кінәлі деп танылған 11 адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Сотталушылардың арасында қонақүйдің иесі Халит Эргюль, оның отбасы мүшелері және курорт маңындағы Болу қаласы әкімінің орынбасары бар. Олар адам өліміне әкелген өрескел салғырттық үшін айыпты деп танылды.

Қайғылы оқиға 2025 жылғы 21 қаңтарда орын алды. Өрт салдарынан 78 адам, оның ішінде 34 бала қаза тауып, тағы 130-дан астам адам жарақат алған. Өрт шыққан сәтте қонақүйде 238 қонақ болған.

Тергеу дерегінше, апатқа асханадағы гриль пешінің термостатына қатысты қысқа тұйықталу себеп болған. Электр жүйесіндегі ақаулардың кесірінен от жылдам тараған.

Халит Эргюль өз кінәсін мойындамай, тексеріс кезінде анықталған заңбұзушылықтар туралы өзіне хабарланбағанын алға тартты.

Айыпталушылардың қорғаушылары сот шешіміне апелляция беруге ниетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы