Түркияда газдың жаңа қоры табылды
Түркияда тағы бір табиғи газ кен орны табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы «Хабар 24» жазды.
Қара алтын елдің оңтүстік-шығысындағы Габар тауларында орналасқан. Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлім етті. Айтуынша, жаңа кеніштің құны 1 млрд АҚШ долларын құрайды. Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын Қара теңізде табылған отандық табиғи газ құрлыққа шыққан.
Елдегі табиғи газдың 99% импорттайтын ел үшін ақжолтай хабарды жариялаған президент Режеп Тайып Ердоған бір ай бойы газдың ақысыз болатыны хабарлады. Қазірше 710 млрд текше метрді құрайтын көгілдір отынның құнын ресми Анкара 500 млрд пен 1 трлн арасында болады деп болжап отыр.
Осыдан 6-7 ай бұрын Батманнан мұнай таптық. Күніне 8900 баррель мұнай өндіру жоспарланып отыр. Яғни Түркияда ең көп мұнай өндіретін орындардың бірі болады. Габар кен орнында да мұнай қоры мол болады деген үміт бар, - деді Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу.