Түркияда енді маска тағу міндетті емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда да үш жылдан бері міндетті болған маска тағу режимі алынып тасталды, деп хабарлайды 24. kz.
Бұл туралы коронавирус жөнінде ғылыми кеңестің отырысынан кейін президент Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.
Айта кеткен жөн, Түркияда коронавирус 2020 жылдың наурызында анықталды. Жалпы елде қазірге дейін 14 миллион 775 мың кісі қауіпті індетті жұқтырып, оның 97 мыңы көз жұмды.
Коронавирусқа қарсы шаралар аясында шамамен 3 жыл бойы енгізілген масқа тағу міндеттемесі толығымен алынып тасталды. Маскаларды тек қоғамдық көліктер мен денсаулық сақтау мекемелерінде қолдану ауру саны мыңнан азаймайынша, біраз уақытқа жалғасады, – деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда «Сергек» жүйесіне тағы бір функция іске қосылды
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы