Түркияда бір апта ішінде 350 келіден астам есірткі тәркіленді

Түркияда өткен апта ішінде жүргізілген ауқымды есірткіге қарсы операциялар нәтижесінде 350 келіден астам есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая X әлеуметтік желісінде құқық қорғау органдары 354,5 келі есірткі затын, сондай-ақ шамамен 648 мың психотроптық препаратты қолға түсіргенін мәлімдеді. Операциялар барысында 768 күдікті ұсталған.

Министрдің айтуынша, рейдтер елдің бірқатар ірі қалаларында, соның ішінде Газиантеп, Анкара, Конья, Мерсин, Адана, Измир, Самсун, Бурса, Ыстамбұл, Кайсери және Анталья қалаларында, сондай-ақ өзге өңірлерде жүргізілген.

Операцияларға шамамен 3 мың құқық қорғау қызметкері, 17 әуе көлігі және 43 қызметтік ит тартылған. Түркия билігі ел аумағында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жалғасатынын мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Report
Өзгелердің жаңалығы