25 Қараша 2024 2024, 00:17
Фото: Х/Hurriyet
Түркияда автобус апатқа ұшырап, 30 адам зардап шекті
Түркияның Афьонкарахисар қаласында қалааралық автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түркияның Афьонкарахисар қаласында қалааралық автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Hürriyet басылымы таратқан мәліметке сәйкес, автобус жеңіл автокөлік пен жүк көлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кем дегенде 30 жолаушының зардап шеккені айтылды.
Топдере ауылының маңында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, автобустың 30 жолаушысы зардап шекті, - деп жазды түркиялық басылым.
Медициналық көмекке мұқтаж болған барлық жолаушы провинцияның ауруханасына жеткізілген.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.