24 Желтоқсан 2024 2024, 18:50
Фото: Х/@zoomnewskrd
Түркияда әскери зауыттағы жарылыстан 12 адам қаза тапты
Бүгін Балыкесир провинциясында болған жарылыс туралы елдің Ішкі істер министрлігі хабарлады. Тағы бес адам жараланған, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazaqstantv-ға сілтеме жасап.
Бүгін Балыкесир провинциясында болған жарылыс туралы елдің Ішкі істер министрлігі хабарлады. Тағы бес адам жараланған, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazaqstantv-ға сілтеме жасап.
Жарылыстың нақты неден болғаны әзірге белгісіз. Дегенмен ел билігі мұның террорлық акті емес екенін айтты.
Алдын ала болжам бойынша апат техникалық қауіпсіздік сақталмағандықтан болуы мүмкін. Төтенше жағдай болған зауыт қазір әскерилер тарапынан толық қоршалып, бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған. Жарылғыш заттар шығаратын бұл зауытта шамамен 1000-ға жуық адам жұмыс істейді.