25 Қараша 2026, 02:39
Фото: Global Look Press
Түркияда әскери тікұшақ апатқа ұшырап, бес әскери қызметкер қаза тапты
Оқиға орнында құтқару бригадалары жұмыс істеп жатыр.
Түркия Әскери-әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырап, салдарынан бес әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы елдің Ұлттық қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.
24 қараша күні кешке Түркияның батысындағы Эскишехир провинциясында әскери тікұшақ апатқа ұшырады. AS-532 үлгісіндегі тікұшақ Эскишехир қаласынан ұшып шыққан. Ол оқу-жаттығу рейсін орындап жүрген.
Әуе апатынан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта тікұшақтың сынықтары табылған. Оқиға орнында құтқару бригадалары жұмыс істеп жатыр.