Түркияда 27 жастағы Қазақстан азаматы қаза тапты
Анталияда велосипедпен келе жатқан отандасымызды такси қағып кеткен.
Анталияның танымал курорттық аймағында қазақстандық азаматтың қатысуымен болған жол апаты адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды деп хабарлайды BAQ.KZ Ihlas Haber Ajansi агенттігіне сілтеме жасап.
27 жастағы Кубат Аманбеков бес жұлдызды қонақүйлердің бірінде бармен болып жұмыс істеген. Ол велосипедпен кетіп бара жатқан кезде такси қағып кеткен. Ауыр жарақат алған жас жігіт оқиға орнында көз жұмған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты 8 мамыр күні түнгі сағат үш шамасында Серик ауданындағы туристік жолда болған. Такси жүргізушісі түсініктеме беру үшін полиция бөліміне жеткізілген.
Кубат Аманбеков Қазақстан тумасы болған, соңғы бірнеше жылда Түркияда жұмыс істеп жүрген.
Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Қазір оның туыстары мен достары мәйітті елге қайтару мәселесін шешіп жатыр.