Түркияда 12 ақпанға дейін аза тұту күні жарияланды
Қаза болғандардың саны 3 мыңға жуықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президент Режеп Тайип Ердоған Түркияда 12 ақпанға дейін жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Ел аумағында барлық Мемлекеттік ту түсірілді.
Түркия ТЖ басқармасының хабарлауынша, тағы 16 мың адам жарақат алған. Вице-президент Фуат Октай үйінділер астынан 7840 адам шығарылғанын, 338 мың адам жатақханалар мен университеттерге орналастырылғанын хабарлайды.
Ал Сирияда зілзаладан 711 адам көз жұмды. Жарақат алғандар саны - 1431 адам.
Қазақстан Түркияға шұғыл көмек көрсетеді. Құрамында республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен «Апат медицинасы» орталығының медицина қызметкерлері және ТЖМ өкілдері бар, жалпы саны 41 адам Түркияға көмекке кетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
КВИ. 51 адам вирус жұқтырған
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы