22 Қыркүйек 2026, 02:43 Фото: istockphoto.com

Түркия табиғи газ импортын 21,7%-ға қысқартты

Табиғи газ тұтыну көлемі де 25,2%-ға төмендеп, 2,65 млрд текше метрді құрады. Ал шілде айының соңында елдегі газ қоры 5,64 млрд текше метрге жетіп, бір жылда 30,5%-ға артқан.

Түркияның Энергетика нарығын реттеу басқармасының (EPDK) мәліметінше, шілдеде елге импортталған табиғи газ көлемі шамамен 3,06 млрд текше метрді құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,7%-ға аз.

Оның 2,87 млрд текше метрі құбыр арқылы жеткізілген газ болса, 194,05 млн текше метрі сұйытылған табиғи газға (СТГ) тиесілі.

Құбыр арқылы газ жеткізуден Әзербайжан көш бастап, ел Түркияға 1 млрд текше метрден астам газ экспорттаған. Одан кейін Ресей – 948,49 млн текше метр және Иран – 919,33 млн текше метр көрсеткішімен тұр. Түркия СТГ-ның барлық көлемін Алжирден импорттаған.

Табиғи газ тұтыну көлемі де 25,2%-ға төмендеп, 2,65 млрд текше метрді құрады. Ал шілде айының соңында елдегі газ қоры 5,64 млрд текше метрге жетіп, бір жылда 30,5%-ға артқан.

Шілдеде Түркияның мұнай және мұнай өнімдерінің импорты шамамен 4,52 млн тоннаны құрады. Бұл жылдық көрсеткіш бойынша 6,9%-ға төмен. Сонымен қатар шикі мұнай импорты 0,32%-ға аздап өсіп, 2,93 млн тоннаға жетті.

Мұнай және мұнай өнімдерін Түркияға жеткізуден Ресей 1,66 млн тонна көлемімен көш бастап тұр. Одан кейін Ирак – 653,5 мың тонна және Қазақстан – 508 мың тонна. Қазақстанның үлесі жалпы импорт көлемінің 11,24%-ын құрады.