Түркия-Сирия. Жер сілкінісінен қаза тапқандар 50 мыңға жуықтады

Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46 мыңға жақындағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Құрбан болғандар саны 45 968-ге дейін жетті. Оның 4267-сі - Сирия азаматтары, - деді түрік министрі.

Ол алғашқы жер сілкінісінен бері 13 мыңнан аса қайталама дүмпу болғанын айтты.

Сойлудың сөзінше, 26 300 ғимарат опырылған, бұл ғимараттардың барлығында дерлік іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілген.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. 45 мыңнан аса адам осы апаттан қаза тапқан еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы