Түркия Қазақстанға су тасқынына байланысты көмектесуге дайын

7 сәуірде Түркия Сыртқы істер министрлігі Қазақстан халқына ірі су тасқынына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство Түркияның Қазақстанға кез келген қажетті көмекті көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған және ондаған мың қазақ бауырларымызды эвакуациялауға мәжбүр еткен жойқын су тасқынына қайғырып көңіл айтамыз. Қазақстан халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз, - делінген СІМ хабарламасында.

Бұған дейін 7 сәуірде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бірқатар өңірлерде су тасқынының шарықтау шегі қашан болатынын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ ол атыраулықтарды үрейленбеуге шақырды. Оның айтуынша, қала мен облыстағы жағдай бақылауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы