Түркия Қазақстанға 200 млн долларға жуық инвестиция салуды көздеп отыр – министр

Түркия Қазақстанға құны 200 млн доллардан астам инвестицияны салынатын ірі жобаларды іске асырады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркия мен біздің қарым-қатынасымыз өте жоғары деңгейде. Осы жеті айдың қорытындысы бойынша экспорт пен импорт айналымы екі есе өсіп отыр. Атап айтсақ, осы уақытқа дейін 77 пайызға жетті. Оның ішінде Қазақстанның экспорты екі есе көбейген, ал Түркиядан келетін импорттың көлемі 60 пайзыға өсіп отыр. Қазіргі таңда сауда динамикасы жоғары деңгейге жетті. Бүгінгі Түркия өкілдерімен кездесуде әзірленген дайын заңнамаларымыз толықтай қамтылған. Біз екі елдің сауда динамикасының ұзақ сақталатынына сенеміз,  - министр.

Айтуынша, Түркия Қазақстанда ауқымды 5 ірі жобаны іске асырмақшы.

Жобада түрік инвесторлары біздің агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция салуды көздеп жатыр. Соның ішінде ірі-ірі бірқатар жоба бар. Негізі, біз 200 млн доллардан астам инвестицияны күтіп отырмыз. Олардың ішінде тері өңдеу, жер бақтарын өсіру жобалары  қамтылған.  Ауыл шаруашылығы министрлігі оларға қолдау көрсетіп, бірлесе жүйелі жұмыс істейміз деп ойлаймын, - деді Ербол Қарашөкеев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы