Кеше 2026, 21:41
Фото: freepik
Түркия Қазақстандағы конституциялық референдумды құптады
Түрік тарапы Конституцияға енгізілген түзетулер Қазақстанның одан әрі дамуына оң әсер етеді деген сенім білдірді.
Түркия билігі Қазақстанда 15 наурызда өткен жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Анкара таратқан ресми мәлімдемеде дауыс беру процесінің бейбіт әрі тыныш жағдайда өткенін құптайтыны айтылды. Сондай-ақ референдум барысын Түркиядан келген халықаралық бақылаушылардың бақылағаны атап өтілді.
Түрік тарапы Конституцияға енгізілген түзетулер Қазақстанның одан әрі дамуына оң әсер етеді деген сенім білдірді.
«Түркия өкілдері бақылаған Қазақстандағы конституциялық референдумның бейбіт және тыныш жағдайда өткеніне қуаныштымыз. Референдум нәтижесінде қабылданған өзгерістер ел игілігі үшін болады деп үміттенеміз», - делінген мәлімдемеде.