Түркия президентін полиция тоқтатты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды Нью-Йорк полициясы көшеде тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ердоған БҰҰ штаб-пәтеріндегі іс-шарадан кейін күзетпен бірге көшеден өтпек болған. Дәл сол уақытта АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежі қозғалғандықтан, тәртіп сақшылары түрік көшбасшысының жолын бөгеді.

Президентке біраз уақыт тротуарда күтуге тура келді. Ердоғанның жеке күзеті мен тәртіп сақшылары арасында шағын жанжал туындайды. Қауіпсіздік қызметі металл қоршауларды алып тастауға әрекет жасаған. 

Оқиға бейнкамераға түсіп, әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті. Ақырында, Түркия президентіне Трамптың кортежі өтіп кеткенше күтуге тура келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы