28 Қазан 2026, 23:27 Фото: Ақорда

Түркия Президенті Тоқаев пен қазақ халқын Республика күнімен құттықтады

Ердоған жақында Анкарада қазақ мемлекеттілігінің тарихына арналған «Құрылтай феномені» кітабының тұсаукесері өткенін атап өтті.

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және барша қазақ халқын Республика күнімен құттықтады.

Ердоған жақында Анкарада қазақ мемлекеттілігінің тарихына арналған «Құрылтай феномені» кітабының тұсаукесері өткенін атап өтті. Сонымен қатар «Наурыз – түркі әлемінің ортақ мұрасы» кітабы қазақ тіліне аударылғанын айтты.

– Биыл мамыр айында Астанаға жасаған сапарым барысында бірқатар маңызды құжатқа, соның ішінде Мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойдық. Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің келесі отырысында өзара қарым-қатынасты нақты қадамдармен бекіте түсеміз. Біз тауар айналымын 15 миллиард долларға жеткізіп, инвестициялық байланыстарды жандандыруға ниеттіміз, – деді Түрік елінің басшысы.

Келіссөз барысында екі елдің президенттері көлік-логистика, энергетика, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, қорғаныс өнеркәсібі және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.