Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Астанаға келді

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның ұшағы Астанаға қонды. Елорда әуежайында түрік басшысын Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Режеп Тайып Ердоған 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.

Түркия — ұйымға серіктес ел. 

Айта кету керек, Түркия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне әрі инвестор елдердің үздік 20-на кіреді. 



Осы жылдың 4 айында өзара сауда көлемі $1,6 млрд-қа жетті. Екі елдің үкіметтері сауданың тұрақты көлемін кемінде $10 млрд деңгейінде жоспарлы түрде қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкімет
Өзгелердің жаңалығы